Жаз мезгілінде қаланың көркіне көрік қосып, айналаны ажарландыратын ең басты нышанның бірі – гүлдер. Әсемдік сыйлап қана қоймай, қоршаған ортаға ерекше сән беретін өсімдіктердің күтімі де үлкен еңбекті қажет етеді. Бүгінде Қостанай қаласының көшелері мен саябақтары түрлі -түсті гүлдермен көмкерілген.