Электр желісімен жұмыс – аса жауапкершілікті талап етеді. Мұнда әрбір әрекет дәлдік пен сақтық арқылы жүзеге асады. Өңірде кәсіби электромонтерлер арасында дәстүрлі байқау өтті. Сайысқа облыстың әр аймағынан келген 15 команда қатысып, бас жүлде – жаңа қызметтік көлік үшін тартысқа түсті.