Спорт — жеңіске ғана жетелемейді, бірлік пен жігерді де шыңдайды. Б. Майлин ауданының 90 жылдығына орай өткен 37- аудандық спартакиада елді мекендерді бір алаңға тоғыстырды. Дәстүрлі додада тоғыз ауылдық округтің командалары бас қосып, спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынады.