Алтынсарин ауданындағы Силантьевка ауылында жазғы аудандық 39-шы «Тың – Целина» спартакиадасы өтті. Бұған 9 ауылдық окруктен келген жүзден астам спортшы үздік спорттық құрама атағы үшін бақ сынады. Біріншіліктің жеңімпазы Арқалық қаласында өтетін облыстық спартакиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болады.