Қостанайда абаттандырудың жаңа үлгілік қағидалары күшіне еніп, кәсіпкерлер мен нысан иелеріне өз аумағының тазалығы және сәулеттік келбетін сақтау міндеттелді. Шаһар басшысы Марат Жүндібаев аппараттық кеңесте талаптарды орындамағандарға заң аясында қатаң айыппұл салып, қала бойынша дизайн-код енгізу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.