Қостанайдағы Allur зауытында отандық бес робототехникалық кешен таныстырылды. Кәсіпорында Роботтандыру, өндірісті автоматтандыру және жасанды интеллект технологиялары орталығы ашылды. Сонымен қатар, зауыт алаңында Қазақстандағы өнеркәсіптік роботтандыруды дамытуға арналған екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтіп жатыр. Оған отандық және Италия мен Қытайдан келген ғалымдар, өндіріс өкілдері мен сарапшылар қатысуда.