Жол қауіпсіздігі - назардан тыс қалмайтын маңызды мәселе. Осыған байланысты көлік басқарудағы сақтық шаралары күн тәртібінен түспек емес. Жыл басынан бері өңірде 137 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.