Жаңартылған Ата заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен қатар, білім беру, ғылым және адам капиталын дамытуға ерекше басымдық берілген. Білім саласы өкілдерінің пікірінше, Конституциядағы бұл өзгерістер білім беру жүйесінің дамуына серпін беріп, азаматтардың сапалы білім алуына жаңа мүмкіндіктер ашады.