Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат шақырылды.


Олардың ішінде 11 мыңнан астамы Қарулы күштердің қатарында мерзімді әскери қызметін өтейтін болса, 7 мыңнан астамы - ІІМ Ұлттық ұланына, 2 мыңға жуығы - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 400-ге тарта - Төтенше жағдайлар министрлігіне, ал 300 азамат - Мемлекеттік күзет қызметіне жіберілді. Әскери қызметке шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS-хабарлама және eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы жолданды. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату рәсімдері автоматты түрде іске асырылды, делінген хабарламада.