Қазақстан әлеуметтік қолдау жүйесін түбегейлі жаңартып, мемлекеттік көмекті азаматтардың санатына емес, отбасының нақты мұқтаждығы мен әл-ауқатына қарай тағайындайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді. Оның айтуынша, әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру шеңберінде атаулы және мұқтаждық қағидаттарын іске асыру негізгі жаңашылдық болады.
Негізгі басымдық санаттық тәсілден отбасының нақты мұқтаждығы мен әл-ауқат деңгейін кешенді және атаулы бағалауға ауысады. Бұл мемлекеттік ресурстарды анағұрлым әділ және тиімді бөлуге, мемлекеттік қолдауды оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға ғана бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік саясат білім беру және еңбек арқылы азаматтардың әл-ауқатының тұрақты өсуіне жағдай жасауға бағытталады. Аталған тәсілдерді іске асыру қаражатты адами капиталды дамытуға қайта бөлуге және мемлекеттік қолдауды оған барынша мұқтаж азаматтарға бағыттауды күшейтуге мүмкіндік береді.