Облыстың 39 жазғы спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі 7- тамыз күні сағат 19:00-де Арқалық қаласының орталық стадионында өтеді. Стадионның көрермендерге арналған сыйымдылығы – 1500 орын. Ал финалдық жарыстар 6–9 тамыз аралығын қамтиды деп күтілуде. Дүбірлі додаға деген дайындық деңгейі қалалық әкімдік кеңесіде пысықталды.
Облыстық жазғы спартакиада 1986- жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді және бүгінде Қостанай облысындағы ең ірі әрі маңызды кешенді спорттық іс-шара боп саналады. Ол облыстың барлық қалалары мен аудандарының спортшыларын бір алаңға біріктіреді.
Осыған байланысты спартакиада бағдарламасына ұлттық спорт түрлері енгізілді. Олар: асық ату, көкпар, аударыспақ, бәйге.Бұл өзгеріс ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттырып, қатысушылар қатарын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Биылғы облыстық спартакиада бағдарламасына барлығы 23 спорт түрі енгізілген. 8 командалық, 15 жеке спорт түрі. Сәуір–маусым аралығында командалық ойын спорттары бойынша іріктеу өткізілді. Атап айтсақ, ерлер және әйелдер арасындағы баскетбол, волейбол және тек ерлер үшін футбол. Аталған үш спорт түрі бойынша жарыстар аймақтық іріктеу жүйесімен іске асты. Соның нәтижесі бойынша командалар финалдық кезеңге жолдама алды.
Финалдық жарыстарға әзірлік мақсатында Қостанай қаласының құрама командалары оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Қазір спортшыларды арнайы спорттық киімдермен қамту бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде. Оларды облыстық спартакиадаға тасымалдау кезінде автобустардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін полицияның сүйемелдеуі ұйымдастырылады.