Облыс тұрғындарының рухани мәдениетін дәйекті түрде дамытпайынша, экономикалық реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес. Облыс әкімдігінде өткен жиынға қатысушылар осындай пікір білдірді. Соңғы бір жылда мәдениет саласында көркем және ғылыми материалдарды цифрландыруға, сондай-ақ өңір жастарымен өзара байланысты нығайтуға басымдық берілуде. Интерактивті жобалар, театрлардың жұмысы мен музейлерді жөндеу жайлы толығырақ әріптестерім баяндайды.

Өткен жылы облыстың әртүрлі аудандарында жаңадан 5 мәдениет үйі бой көтерген. Сонымен қатар саладағы тағы 5 мекемеге күрделі жөндеу жүргізіліп, бұл мақсатқа 17 миллиард теңге жұмсалған.

2025 жылы жылы Қостанайдағы 4 театрдың қойылымдарын 40 мыңнан астам көрермен тамашалаған. 400-ден астам спектакль қойылып, бұл тұрғындардың сахна өнерінің түрлі жанрларына қызығушылығы жоғары екенін көрсеткен. Қала театрлары үш халықаралық фестиваль өткізіп, өз сахналарында оннан астам елден келген кәсіби театр ұжымдарын қабылдаған.  

Өңірде мәдениетті дамыту мен сақтаудың басты орталықтарының бірі - музейлер. Облыстағы 9 музейде 300 мыңнан астам бірегей жәдігер сақталған. Соның жартысына жуығы соңғы жылдары цифрландырылған. Былтыр Бидайық ауылындағы Міржақып Дулатов музей-үйін қайта жаңғырту және жаңа экспозиция жасау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ Торғай ауылындағы Шақшақ Жәнібек батыр музейіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Өңірде жастар арасында мәдениетті насихаттаудың маңызды тетіктерінің бірі - мемлекеттік шығармашылық тапсырыс. Облыс әкімдігі балалардың түрлі өнер үйірмелері мен шығармашылық ұйымдарға тегін қатысуына қаржы бөліп келеді. Биыл облыс бойынша осындай 220-дан астам үйірме жұмыс істейді. Балалар мен жасөспірімдерді шығармашылықтың әртүрлі бағыттарына кеңінен тарту үшін 55 мың ваучер берілген. Негізгі бағыттар - музыка және қолданбалы өн