Өңірде шығармашылық қауымның басын қосқан ауқымды «Медиафорум–2026» салтанатты түрде өтті. Шара аясында тек мерекелік кеш қана емес, кәсіби біліктілікті арттыруға да басымдық берілді. Өңір журналистері үшін арнайы пайдалы тренингтер ұйымдастырылып, БАҚ өкілдері өзара тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ мерекенің көркін қыздырған «Екі жұлдыз» өнер байқауы да жоғары деңгейде өтті.Биыл БАҚ өкілдерін бір арнаға тоғыстырған ауқымды «Медиафорум–2026» ашық аспан астында өтті. Іс-шарада өңір журналистерінің кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған мазмұнды тренингтер де ұйымдастырылды.

Мерекелік шараның ең қызықты әрі қызған сәті -«Екі жұлдыз» байқауы болды. Биылғы жылы да әр дуэт міндетті түрде мемлекеттік қызметкер мен журналистен құралуы қажет еді. Осы ретте тартысты байқауда біздің арнамыздың басшысы Заңғар Санайұлы мен Анель Пимичева да бақ сынап, сахна төрінде өнер көрсетті.

Шығармашылық жолда аянбай еңбек етіп жүрген БАҚ өкілдері құрмет төрінен көрінді. Оларға лайықты марапаттар табысталып, еңбектері жоғары бағаланды.Осы орайда, әрдайым кадр сыртында жүріп, көрерменге сапалы бейнежазба мен мазмұнды контент ұсынатын техникалық мамандар да назардан тыс қалмады.

Бұл ретте арнамыздың тәжірибелі таспагері Валерий Тощев те кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі үшін марапатқа ие болды.Мемлекеттік қызмет пен шығармашылық сала өкілдерін өнерде тоғыстырған «Медиафорум–2026» қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Кәсіби мерекеге арналған дуэттер байқауы мен тағылымды тренингтер өңірдегі медиа саласының әлеуетін тағы бір мәрте асқақтатты.