Қостанай қаласында қайтарымсыз мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды. Биыл өз кәсібін ашуға ниетті азаматтарға 70 грант беру жоспарланып отыр. Байқауға әлеуметтік осал топтарға жататын жұмыссыздар және кәсіпкерлікпен айналысуды көздейтін үміткерлер қатыса алады.
Мемлекет тарапынан қолдау қаржысына ие болғандардың бірі – Бақытбек Байғожин. Ол былтыр конкурс негізінде 400 АЕК мөлшеріндегі қайтарымсыз грантты жеңіп алған. Бұл қаржыға өз кәсібіне қажетті құрал-саймандарды сатып алған. Қазір автокөлік жөндейтін шағын шеберханасын дөңгелетіп отыр. Ісін толық қуатында жүргізу үшін өз қаражатын да қосқан.
Биыл да мемлекет есебінен кәсіп ашуға ниетті азаматтарға 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант беріледі. Бұл бағдарламаға көпбалалы отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар қатыса алады. Берілетін қаржы тек кәсіп ашуға және оны дамытуға жұмсалуы тиіс.
Қостанай қаласында конкурстық негізде берілетін грантқа құжат қабылдау басталды. Ол үшін Enbek.kz порталында «Бастау Бизнес» курсын аяқтап, бизнес-жоспар әзірлеу қажет. Мансап орталықтары құжаттарды 8 шілдеге дейін қабылдайды. Биыл 400 АЕК мөлшерінде 70-ке жуық грант беру жоспарланып отыр.