Қостанайда нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай іс-шара өтті. 1 ай бойы тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына қатысты акциялар өткізді. Айлық аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Қаланың орталық алаңында өткен іс-шараға полиция қызметкерлері, курсанттар мен психологтар қатысты.Олар тұрғындарға есірткінің зияны туралы айтты. Сондай-ақ заң алдындағы жауапкершлікті түсіндірді.

Бұл концертте жеңімпаздар марапатталып, бір айлықтың қорытындысы шығарылды.Мамандардың пікірінше, есірткінің алдын алу тек құқық қорғау органдарының емес, ата-ана мен қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан түсіндіру және алдын алу шаралары өңірде алдағы уақытта да жалғасын табады.