Қостанайда қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Биыл шаһардың басты даңғылдары мен тұрғын үй алаптарында мыңдаған көшет отырғызылып, гүлзарлар жаңартылуда. Көгалдандыру жұмыстары қала келбетін көркейтіп қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартуға да бағытталған. Мамандар жергілікті климатқа бейімделген ағаш түрлерін таңдап, оларды күтіп-баптауға ерекше көңіл бөлуде. Қала әкімінің мәліметінше, көгалдандыру науқаны кезең-кезеңімен жалғасып, жасыл аймақтардың көлемі алдағы уақытта тағы да ұлғая түспек.
Биыл жаңа көгалдар қаланың бірнеше орталық көшесінде пайда болады. Әл-Фараби даңғылы толықтай көгалдандырылса, басқа көшелерде жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен жер тегістеліп, топырақ дайындалады. Содан кейін ғана арнайы шөп тұқымы себіледі. Үш айдың ішінде қала бойынша шамамен 30 мың шаршы метр аумақты көгалдандыру жоспарланған.
Ал көгалдың бітік әрі біркелкі шығуы тек сапалы тұқымға байланысты емес. Мамандар алдымен топырақты мұқият дайындап, өңірдің климатына
бейімделген шөп қоспасын пайдаланады. Ал тұқым себілгеннен кейін оны уақтылы суару ең маңызды кезеңдердің бірі. Әсіресе аптап ыстықта күтім күшейтіледі.
Жаңадан себілген көгалға алғашқы апталарда ерекше күтім қажет. Сондықтан шаһар басшысы жауапты бөлімдерге егілген аумақтарды қоршап, оларды сақтауға бағытталған қажетті шараларды қабылдауды міндеттеді.
Алдағы күндері егілген көгалдарға тұрақты күтім жасалып, суару жұмыстары жалғасады. Ал бүгінде егілген шөптің жайқалып өсуі тек мамандардың еңбегіне ғана емес, тұрғындардың ұқыптылығына да байланысты. Жаңадан себілген аумақтарды бүлдірмей, олардың толық тамыр