Қостанайда жол жөндеу маусымы жалғасып жатыр. Биыл қаладағы ондаған көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кейбір учаскелерде жол жабыны ғана емес, жиектастар да толық жаңартылуда. 

Биыл қалада 49 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Жұмыстар бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес кезең-кезеңімен атқарылуда. Кейбір көшелерде жиектастар ішінара ауыстырылса, бірқатар учаскеде толық жаңарту қарастырылған.

Қайырбеков көшесіндегі жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін жалғасады. Осы кезеңде жолдың жаңа қабатын төсеу үшін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Мамандар тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Биыл қалада 35 ауланы абаттандыру жоспарланған. Жоба аясында асфальт жабыны жаңартылады. Техникалық құжаттамаға сәйкес жиектастар да ауыстырылады. Сонымен қатар Нариманов көшесінде жол ені 14 метрге дейін кеңейтіледі. Соған сәйкес Абай даңғылынан Алтынсарин көшесіне дейінгі 

аралықта жиектастар толық орнатылады.