Денисов ауданының өткені мен бүгіні. Облыс орталығында «Денисов өлкесі: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін» атты көрме өз жұмысын бастады. Мұнда көне археологиялық олжалар, сирек фотоқұжаттар мен өңірлік пленэрлерде салынған картиналар ұсынылған.Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Денисов ауданының ғасырлар жүгін арқалаған құнды жәдігерлері келушілерге жол тартты.
«Облыс музейлерінің музейаралық байланысы» жобасы аясында ашылған бұл көрме - қос аймақтың мәдени алтын көпірі іспеттес.Экспозицияның ең басты құндылығы - археология бөлімінде. Мұнда қола және ерте темір дәуіріне жататын бірегей олжалар қойылған.
Мыңдаған жыл бұрын осы өңірді мекендеген бабалардың тұрмысынан сыр шертетін бұл жәдігерлер- тарихшылардың ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Көрменің тағы бір бөлімі этнография мен фотоқұжаттарға арналған. Ұлттық бұйымдар өңір халқының мәдениетін танытса, мұрағаттық суреттер ауданның өткенінен бүгініне дейінгі даму жолын көрсетеді. Картиналарда Денисов ауданының табиғаты мен дала келбеті бейнеленген.