Қостанайлықтардың кез келген коммуналдық немесе әлеуметтік мәселе бойынша хабарласатын бас нүктесі - «iKomek-109» қызметі. Жыл басынан бері орталыққа 32 мыңнан астам өтініш түскен. Бүгін әкімдікте өткен жиында осы халық үніне құлақ асатын жүйенің жартыжылдық қорытындысы қаралды. Мамандардың айтуынша, биыл шағымдардың жалпы саны біршама азайған. Бүгін, 20.30-да «Арқа Ақпаратта».