Қостанай облысының прокуратурасы заңсыз қоқыс төккен тұрғынның айыппұлын сот арқылы 34 есе ұлғайтты. Ол жүк көлігімен құрылыс қалдықтарын қала шетіндегі аумаққа апарып, рұқсат етілмеген жерге тастаған.
Алғашында Қостанай қаласы полиция басқармасы құқықбұзушыға ескерту жасаумен шектелген. Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының наразылығынан кейін сот 2026 жылғы 28 мамырдағы заңсыз қаулының күшін жойды. Нәтижесінде құқық бұзушыға 865 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот шешімі заңды күшіне енді, делінген хабарламада.