Қостанайда саңырауқұлақ саудасы қызды. Ауыл тұрғындары сол сияқты орманнан терген жидектерді де сатылымға шығарып жатыр. Табиғаттың бұл сыйын бірі қысқы азық ретінде жинаса, енді бірі қосымша табыс көзіне айналдыруда. Өңірде жауын-шашын мол түскендіктен, орман өнімдерінің түр-түрін сөреден табуға болады. Алайда, санитарлық дәрігерлер қауіпсіздікті естен шығармауға кеңес берді.
Толығырақ 20.30-да «Арқа Ақпаратта».