Әуежай шағын ауданындағы көлге биыл екі аққу жіберілген. Қала әкімі Марат Жүндібаев аппараттық кеңесте аталған су айдынын абаттандыруға қатысты жоспарларға тоқталды.
Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда аққуларды күтіп-баптау және тамақтандырумен арнайы мердігер айналысады. Сондай-ақ құстардың қыс мезгілінде қоныстанатын орны да сол тараптан дайындалады. Қала тұрғындары көлге келіп, аққуларды жиі тамақтандыратыны белгілі. Алайда қала әкімі оның қажеті жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта көлге балық жіберу жоспарланып отырғанын да жеткізді.