Әлемдегі ең танымал коллекция түріне нумизматика яғни, монеталарды жинау жатады екен. Сондай-ақ, маркалар мен комикстерді топтастыру да көпшіліктің қызығушылығын тудырған. Біздің өңірде де ерекше хоббиге ие жандар бар.
Мұнда кірген кез-келген жан таңданысын жасыра алмайды. Осы жерден жәндік атаулының бәрін кездестіруге болады. Кішкентай тарақаннан бастап, түлкіге дейін осында. Бұл Қостанайлық Алексей Панкратовтың әуестігінен жинақталған топтама.
Тірі жануарларға күтім жасап, асырау – Панкратов отбасының ортақ қызығушылығы. Топтамадағы әр алуан көлемдегі балықтар, өрмекші, кесіртке мен тышқандар келушілердің таңданысын тудырады.
Коллекция жинаушылар жәндіктер мен жануарлардың көбін өз елімізден жинаған. Ал, кейбірін көршілес мемлекеттерден арнайы алып келіпті.