2026 жылдың 25 маусымынан бастап ескі және жаңа үлгідегі 2000 теңгелік банкноталардың қатар айналым кезеңі аяқталады. Осы күннен кейін ескі үлгідегі банкноталармен төлем жасау мүмкін болмайды. Алайда оларды айырбастап алуға болады.


Екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпошта» ескі 2000 теңгелік банкноталарды үш жыл бойы жаңасына айырбастайды. Ал Ұлттық Банктің филиалдары оларды мерзімсіз қабылдай береді.


Мамандар қолда бар ақшаны алдын ала тексеріп, қажет болған жағдайда банкноталарды уақытылы айырбастап алуға кеңес береді. Бұл қаржылық операцияларды еш кедергісіз жүргізуге мүмкіндік береді.