Тілді үйренудің тиімді жолдарының бірі оны шығармашылық арқылы меңгеру. «Время говорить» бағдарламасының кезекі кейіпкерлері бұл жолда жақсы жетістіктерге жетіп жүр.
Домбыраны алғаш ағасының қолынан көрген Даниель бұл аспапқа ерекше ғашық. Қос шекті қоңыр домбыраны 8 жасынан үйреніп, музфыкалық мектепте 200-дей күйді меңгеріп, қызыл дипломға тәмамдады. Бүгінде студент ата-анасына ауырпащылық салмай, өз қажеттіліктерін өтеу үшін қаламыздың сауда орталықтарының алдында өнер көрсетеді, қазақ тілін де үйренуді қолға алып жүр