Қостанайда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған оннан астам жұмыс беруші қатысты. Мекемелер мұнда өз қызметі жайлы кеңінен ақпарат беріп, талапты жастарға мүмкіндік сыйлайды. Бүгінгі студент, ертеңгі өндіріс саласының шебері Әлішер Бекмағамбет қолына диплом тиісімен, қай жерде жұмыс істейтінін белгілеп те қойды. Болашақ жұмыс берушісімен де жақсылап танысып алды. Мұндай іс-шара жас мамандар үшін таптырмас мүмкіндік, дейді. Іс-шара жұмыссыз азаматтарға, әсіресе, жастарды еңбек нарығындағы сұраныс туралы ақпараттандыру, тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнатуға бағытталған. Жәрмеңкеге түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Қатысушылар көрсетілген қызмет түрлерімен танысып қана қоймай, талаптар мен іріктеу кезеңдері бойынша кеңес алды.