Ол ұлттың ұстазы. Оның жүріп өткен жолы мен өміршең өнегесі қазақ тарихында тасқа қашалғандай мәңгі сақталады. Атқарған ағартушылық қызметі ұрпақ үшін алтыннан да қымбат. Қостанай педагогикалық колледжінде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин атындағы кабинет ашылды. Іс-шара «Дала қоңырауының» 185 жылдық мерейтойына орайластырылды.
Кабинеттің ашылуына білім ордасының түлектері, ардагер ұстаздар мен арнайы қонақтар қатысты. Алдымен жиналған қауым колледж музейін аралап, оқу орнының тарихымен танысты.
Жаңа кабинет заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қатысты материалдар жинақталған. Басты мақсат – ұлы ағартушының педагогикалық мұрасын насихаттап, болашақ ұстаздарға үлгі ету.
Жаңа мамандарды дайындауға, ұлы педагогтық мұрасын жалғасытру үшін. Басқа өңірлерден педагогтар жиналатын алаң болады.
Кеш барысында ағартушының ағарту саласындағы еңбегі кеңінен айтылды. Қонақтар оның қазақ даласында білімнің дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Іс-шараға 50 жыл бұрын оқу ордасын тәмәмдаған Сәуле Елеусізқызы да қатысты. Ол 43 жыл бойы бастауыш мұғалімі болған. Колледжге келіп, мұндай іс-шаралардың маңызына тоқалды. жастардың мықты ұзтаз атануына септігін тигізетінін айтты.
Шараға қатысушылардың айтуынша, игі бастамалар жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырады. Ал жаңа кабинет болашақ педагогтер үшін тағылым мен тәрбие ордасына айналмақ.