Қостанай облысында жоспарланған ірі өнеркәсіптік жобаларды табиғи газбен қамту үшін жаңа магистральдық газ құбыры салынады. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді.

Өңірдегі жаңа өндірістерді қажетті газ көлемімен қамтамасыз ету мақсатында «КС-14 жаңа компрессорлық станциясының құрылысы және «КС-14–Қостанай» магистральдық газ құбыры» жобасы іске асырылып жатыр, - деді вице-министр. Оның сөзінше, жоба Қостанай облысында жоспарланған бірқатар ірі өндірістік нысанның жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Газ құбыры арқылы астықты терең өңдеу, глинозем өндіру және алюминий шығару, ыстық брикеттелген темір өндіру зауыты, сондай-ақ газ-химия кешені сияқты жобаларға табиғи газ жеткізу көзделіп отыр. Аталған жоба Катар мемлекетімен жасалған Үкіметаралық келісім аясында катарлық инвестормен бірлесіп жүзеге асырылатын болады, - деді спикер. Жаңа газ инфрақұрылымы Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, өңірдегі жаңа өндірістердің іске қосылуына мүмкіндік бермек. Еске салайық, Қазақстанда 2035 жылға дейін жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру жоспары әзірленді