Қостанайда «Жасыл ел» жастар жасақтарына қабылдау жүріп жатыр. Жастарды маусымдық жұмыспен қамтып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған еңбек жасақтары өз жұмыстарына кірісті. Биыл қала аумағындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 450 жасты тарту жоспарланып отыр. Маусымдық жұмыспен қамту бағдарламасына қатысуға ниетті жастарды қабылдау әлі де жалғасуда.
17 жастағы Темірлан Қойшан «Жасыл ел» жобасына қатысып, еңбек етіп жүрген жастардың бірі. Ол жазғы маусымдық жұмыстар тек қаржы табу ғана емес, қаламыздың экологиялық тазалығына үлес қосу деп біледі.
Биыл маусымдық жұмыстарға 450-ге жуық жастарды тарту жоспарланған. Олар қала аумағын абаттандыруға жұмылдырылады. Бұл үшін мемлекеттен арнайы жалақы қарастырылған. Жастар көбіне ағаш бұталарын кесу, саябақтардың шөбін шабу, ағаш түптерін қопсыту және сырлау жұмыстарын атқарады. Әр сағаттан кейін 15 минут демалыс беріледі.
«Жасыл ел» жобасы жастарға жазғы демалыс уақытын тиімді өткізіп, алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді. Жоба аясында жасақтарға қабылдау үш кезеңмен жүргізіледі. Қазірдің өзінде жасаққа қабылдау жүріп жатыр.