Қостанай облысында биыл 5 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты. Оның ішінде 231 оқушы «Алтын белгіге» үміткер атанып отыр. Ал жаңа оқу жылында білім саласында бірқатар өзгеріс күтіледі. Соның ең бастысы 1-сыныпқа қабылдау тәртібінің толықтай электронды форматқа көшуі. Енді ата-аналар өтінішті egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Биыл алғаш рет еліміздің өңірлерінде 1-сыныпқа қабылдау кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Бұл ақпараттық жүйелерге жүктемені біркелкі бөлуге және ата-аналарға ыңғайлы болу үшін жасалып отыр.Ата-аналар өтінішті үйден шықпай-ақ, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Мамандардың айтуынша, өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады. Ал Биыл мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру рәсімі 18 маусымда өтеді. Білім басқармасы салтанатты шараны тек мектеп ғимаратында немесе аумағында өткізуді, ақша жинап думандатуға тыйым салынатынын хабарлады.

Сондай-ақ, 2026 жылы мектептерге 26 пәндік кабинет сатып алу жоспарланған. Олардың қатарында физика, химия, биология, STEM және робототехника кабинеттері бар. Бұл мақсатқа 316,6 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда 12 кабинетке жеткізілді.