Көшелерін су басқан Қостанай ауданы Мичурин ауылындағы ахуал қазір тұрақты. Жолдар бірнеше жерден жырылып, қарғын судың аулаларға кірмеуіне қам жасалды. Сондай-ақ еріген қар суын сорып шығару амалдары жалғасып жатыр. Қазір тұрғын үйлер мен аулаларға қауіп төніп тұрған жоқ. Аудан әкімі тасқын қаупі бар кезең қалыпқа түскенше алдын алу шаралары жалғаса беретінін жеткізді.

Бір жұдырықтай жұмылып, жәрдем көрсеткендердің арасында Заречный кентіндегі мектептің жұмысшылары да бар. Соның бірі Тілеуқабыл Мағазов. Мектеп басшылығынан тапсырма келе салысымен қолына күрегін алып су басқан жерге көмекке аттанған. Қиын кездерде қолғабыс болған жан осыдан екі жыл бұрын болған табиғи апат кезінде де бей-жай қарап қалмаған.