Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. Агроөнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстармен, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мәселелерін талқылады

Мемлекет Басшысының үш жыл ішінде Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы облыста жоспар бойынша сәтті орындалуда. Қазіргі таңда Тобыл-Торғай өңірі өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі нәтижесінде еліміздің 20 облысы ішінде төртінші орында келеді.

Былтыр облыстың ауыл шаруашылығы саласында 7 заманауи сүт-тауарлы фермасы пайдалануға берілді, тағы 7 ферма салынуда. Оның бесеуі биыл іске қосылады. Осындай ірі жобаның бірі – «Надеждинка» серіктестігінің бір мың сауын сиырға арналған сүт-тауарлы фермасы. Онда жылына 7,5 мың тонна сүт өндіріліп, 50 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Осы ретте өңір әкімі елдің аграрлық саласына смалмақты қолдау барын айтты.