Қырағылық пен қайсарлықтың мекені, айбынды ұжым – ҚР Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімінің құрылғанына биыл 55 жыл. Бұл – қорғаныс құрылымның ғана мерейтойы емес, елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігінің сенімді қалқанына айналған ерлік пен адалдықтың, тәртіп пен табандылықтың тарихы. Жарты ғасырдан астам шежіресі бар әскери бөлім мерейтойын «Мирас» мәдениет сарайында сән-салтанатымен, кең көлемде мерекеледі.
Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде 6697 әскери бөлімі талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерді. Уақыт өзгерді, заман жаңарды, алайда әскери бөлімнің басты миссиясы – халыққа қалтқысыз қызмет ету, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау – ешбір өзгерген жоқ. Осы мүддеге мыңдаған сарбаз бен офицер өмірінің ең мәнді жылдарын арнап, Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарды. Атқаруда. атқара да бермек.