Әз Наурыз – жаңару мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың символы саналатын ұлық мейрам. Биыл бұл думан «Allur» автокөлік зауытында ерекше сән-салтанатымен аталып өтті. Мерекелік іс- шара барысында қазақ халқының бай мұрасы – салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды. Жұртымыздың жөн-жоралғылары жаңғырып, көпшілікке ұлттық тағамдар да ұсынылды. Зауыт мамандары Наурыз мейрамының мән-маңызы, оның тәрбиелік әрі рухани құндылығы туралы терең мағлұмат алды.