Республика көлемінде өтіп жатқан референдумға ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөліміндегі қатардағы жауынгерлер де өз үлестерін қосты. Саяси науқаннан сырт қалмау үшін сарбаздарға барлық жағдай жасалып, дауыс беру заң талаптарына сай ұйымдастырылды. Осылайша, Отан алдындағы әскери міндетін өтеп жүрген сарбаздар азаматтық борыштарын да орындады. Учаскедегі көріністерге куә болған тілшімізге кезек берейік. Айдын, эфирдесіз! Әскери бөлімдегі азаматтардың белсенділігі қандай? Сізді тыңдап тұрмыз.