Интернет-алаяқтық бүгінде қоғам үшін үлкен қауіпке айналған құбылыс. Қостанай облысында осы жылдың өзінде 700-ден астам факті тіркеліп отыр. Бұл, өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық көрсеткіш. Алаяқтардың айла-амалы сан алуан: жалған интернет-дүкендерден бастап, инвестициялық жобалар, тіпті Telegram-боттар мен жалған банк қоңыраулары арқылы да әрекет етеді.