Қостанайлық оқушылар «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында телекоммуникация әлеміне қызықты саяхат жасады. Экскурсия мекеме музейінен басталды. Кейін оқушылар осы саланың мамандарын даярлайтын колледжге атбасын бұрды. Мұнда олар үшін арнайы шеберлік сағаты ұйымдастырылды.