Науырзым ауданындағы Буревестник ауылы түтіні түзу ұшқан, қазақ халқына танымал небір талантты тұлғаларды дүниеге әкелген киелі мекен. Кейінгі жылдары ауылдың инфрақұрылымын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Елді мекенге биыл 60 жыл. Мерейтойға орай мұнда салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Спорттық жарыстар өтіп, өнерпаздар ән мен биден шашу шашты.