Қостанайда «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысы қыза түсті. Экологияға бей-жай қарамайтын жанашыр ұл-қыздарымыз абаттандыру шараларына бел шеше кірісті. Облыс орталығын қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарына атсалысуда. Айта кетейік, аталмыш бағдарлама жазғы маусым кезінде студент-жастарды жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді.