Соңғы уақытта көптеген бизнес құрылымдар онлайн-сауда индустриясын белсенді түрде дамытуда және интернет-сатудың арналары көптеп ашылып жатыр. Сонымен қатар, тәуекелдер мен қауіптер де қатарласа белсенді түрде дамуда. Алаяқтар әр түрлі амалдар мен схемаларды қолдана отырып, бірнеше минут ішінде сенімді азаматтарды сан соқтыруда. Бұндай фактілер Қостанай облысында да жиілеп кеткен. Полицейлердің мәліметінше, өткен жылы осындай тәсілге алданған 345 адам зардап шеккен. Ал биылғы жарты жылдың өзінде 235 тұрғын киберқылмыскерлердің құрбанына айналып отыр.