«Заң және тәртіп» апталығын Мемлекет басшысы қоғамдағы құқықтық мәдениетті көтеру үшін маңызды қадам деп атап өтті. Президенттің айтуынша, заң мен тәртіпке құрмет – ел дамуының іргетасы, ал қылмыстан таза орта – ой мен сана тазалығының көрінісі. Апталық аясында кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында да кездесулер ұйымдастырылып жатыр.