Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық университетте «Ұрпақтар сабақтастығы» атты форум өтті. Ауқымы кең іс-шараға әр жылдары жоғары оқу орны қабырғасында қызмет атқарған ректорлар мен профессорлар, ардагер ұстаздар мен түлектер жиналды. Моноқаланың білім беру саласының мүмкіндігі талқыланған маңызды мәжілістің мәртебелі мейманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болды.