Ырыс пен берекесі келісті, еңсесі биік елді мекен. Қамысты ауданына қарасты Алтынсарин ауылына – 70 жыл. Түгін тартсаң майы шығатын, қара суынан қаймақ қайырылатындай малға да, жанға да жайлы мекен тұрғындары ертеңіне сенімді. Сондықтан, адал еңбек етіп, ұйып отыр. Бұл, әрине елеусіз қалмайды. Ауылдықтар мерейтойды дүркіретіп өткізіп, жас мамандар баспанамен де қамтылды.