Облыстың оңтүстік өлкелерінде көңілге қонымды, өмірде сенімді жаңа жобалар жүзеге асырылып келеді. Шағын шаһардағы шаруаның ширай түсуі хақында халық хабардар. Аманкелді өңірі де заман талабына сай даму үстінде. Ал Торғайды түлету тұрғысында қандай маңызды міндеттер атқарылуда? Әлеуметінің әлді, тұрмысының мәнді болуы үшін нендей игі іс-шараларды қолға алынды? Осы және өзге де сұрақтарға өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жангелдин ауданының әкімі жауап берді.