Қостанайда қаланың әр жерінде бейберекет орналасқан дүңгіршектердің жұмысы реттелуі тиіс. Қалалық әкімдікте өткен жиында шаһар басшысы нақты тапсырма берді. Ал, Әуежай шағын ауданындағы барлық осындай кішігірім сауда нүктелерінің жұмысы тоқтатылады. Олардың орнына жаңа сауда орталығы салынады.