Қостанайда есірткі қылмысының көрсеткіші күрт өсіп отыр. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында облыс бойынша 224 дерек тіркелген. Оның жартысына жуығы синтетикалық есірткі заттарымен байланысты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға жоғары. Осыған орай полиция қызметкерлері «Заң және Тәртіп» жобасы аясында тиісті шаралар қабылдауда.