Көктемгі егіс науқанын аяқтаған диқандар үшін ендігі маңызды кезең – жер ылғалын сақтау. Қостанайлық диқандар биыл құрғақшылық бола ма деп алаңдап отыр. Аптап ыстық егінді күйдіріп, көк шықпай қалуы мүмкін. Бүгін, қасиетті жұма күні Қостанайда аймақтық деңгейде тасаттық беру ғұрпы өтті. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» саябағына жиналған жұртшылық жауын-шашын тілеп, құрбандық шалды