Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты тұрғын үй қамту тапсырмасы аясында елімізде бірқатар бағдарлама жүзеге асырылуда. Қолға алынған бастамалар өңірде де қарқынды жүріп жатыр. Жобалар облыс әкімінің тікелей бақылауында. Соның нәтижесінде биыл облыста 179,5 мың шаршы метрді құрайтын - 1810 пәтер қолданысқа берілді. Жыл аяғына дейін тағы 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайланалуға беріледі.