Қостанайда металл қабылдау және өткізу орындарының қызметі реттелмеген. Қалалық әкімдікте өткен жиында ашық қалған кәріз құдықтары туралы мәселе қозғалды. Бұл бірінші кезекте, тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Екіншіден, облыс орталығының ажарын қашырады. Марат Жүндібаев құдық қақпақтарын қолды ететіндермен күрес шараларын күшейтуді тапсырды.