Бүгінгі күні Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі - ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту. Азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы тұрғыда Қостанай облысында алдағы екі жылда жалпы құны 383 миллиард теңгеден асатын 93 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл бастамалар 4 400 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Биылдың өзінде 52,5 миллиард теңгеге бағаланған 36 жоба қолға алынып отыр.